О, Боже... начал писать на казахском....


... Білесін бе, күндердің бір күнінде мен де өмірден өтемін. Сонда менен кейін тек қана осы сөздер мәңгілікке қалар... Менің сезімдерім саған жетпей, тас қабырғаға соғылғандай миллиондаған ұшқындарды тудырады. Бірақ бұл ұшқындар пенде маған қарағанда ешқашан өшпес. Керісінше, мәңгілік ескерткішке айналып ешқашан ұмытылмас...
Менің сөздерім ел арасында кеңінен таралып, кейін олар менің сені қаншалықты сүйгенімді толықтай сезеді... Шіркін, егер де осылай сенімен ұзақ өмір сүре беріп, сені «Сүйіктім» деп атай берсем ғой...
Мен сені соншалықты сағындым! Сенің қолынан ұстап, орманда өсіп тұрған жабайы бүлдірген сияқты қып-қызыл еріннен сүйсем ғой... Мен сені соншалықты сағындым!... Кейде қасымдағы адамдардың бәрін бөтен көріп, өзімді жалғыз қалғандай сезінемін.
Түсінесін бе? Сенсіз мен жоқпын! Сенсіз мен қателіктер мен түзетулерге толы, ішкі жанымның барлығы қате, жаман... Сенсіз мен өзімді тұтас адамдай санай алмаймын... Назарым сені іздеп, ешқай жерде тоөталмайды. Ал жүрегімнің соғуы соншалықты жий болғаны, кеде таң атқанша шыдамайтын сияқтымын. Иә, осы түннен аса алмасам, сені іздеп-табу туралы не сөз... Кенеттен осы жерде ажырасудың қаншалықты ауыртпалы екенін түсіндім...
Әрине, мен күнәлі адаммын, бірақ саған деген махаббатымен мен Жұмаққа лайықтана аламын. Бірақ, сенсіз Жұмақтың мағынасы неде? Ал егер саған бұл жер ұнамаса, сен қайта ораласын. Бұл істі орындау үшін мен барлық байланыстарымды қолданамын. Бірақ қазір мен осындамын, екеуіміздің арамызда бірнеше мыңдаған шақырым ғана. Мүмкін, ертең саған қоңырау шала да алатын шығармын. Ал қазір, мен тек сенсіз өтіп жатқан күндермен қоштасудамын. Білемін, соңы онша жақсы емес – мұңлы (бірақ бұл парақтарды жұлып тастауға болады ғой). Енді болды... Ізгі тілікпен...